Мен, Айташева Зәуре Ғайнетдінқызы, 1956 жылы 24 қазанда ҚСРО, Қазақ ССР, Алматы қаласында қызметкер отбасында дүниеге келдім. 1974 жылы Республикалық физика-математикалық мектебін (РФММ) бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің қабырғасында жоғары білім алдым. С.М. Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 1979 жылы биолог, биология және химия мұғалімі мамандығы бойынша біліктілігін алдым. 1977-1979 жж. ҚазМУ-дың Лениндік шәкіртақысының иесі болдым. 1978-1980 жж. университетіміздің атынан Алматы қалалық кеңесінің депутаттығына сайландым. 1979 жылдан бастап 2003 жылға дейін М.Ә. Айтқожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия ғылыми зерттеу институтында жұмыс істедім. Лаборант деңгейінен бастап аға ғылыми қызметкер атауына дейін еңбек жолын өттім. 1987 жылы академик М.Ә. Айтқожинның жетекшілігімен 03.00.04 «Биохимия» мамандығы бойынша «Өсімдіктердің цитоплазмалық РНП- бөлшектерін иммунохимиялық жолымен алу және өсімдіктердің спецификалық инфосомаларын анықтау» тақырыбына арналған кандидаттық диссертациямды қорғадым. 2003 жылы генетика және молекулалық биология кафедрасына 0,25 бағамына доцент қызметіне қабылдандым, ал 2004 жылдан бастап штаттық қызметке ауыстым. 2004 жылы 03.00.04 «Биохимия» мамандығы бойынша «Микроспорофитті ақ ұыздар және олардың тозаңдық өсіп-өнуі кезіндегі өзара әрекеттесуі» тақырыбында докторлық диссертацияны қорғадым. 2005 -2019 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі ретінде қызмет атқардым. Аталған 15 жылдық мерзімінде кафедрада бакалавриат, магистратура және докторантураға жаңа «Генетика» және «IT-генетика» мамандықтары еңгізіліп, цитогенетикалық оқу зертханасы (333 аудитория), екі атаулы дәрісхана (академик Г.З.Бияшев атындағы , 322 кабинет және профессор Н.Л. Удольскаяның атындағы 326 кабинет) ашылды. Сонымен қатар Неміс зерттеу қоғамының (DFG) бұрышы, кітапханасы және Александр фон Гумбольдт қорынан қымбат флуоресцентті Axioscope FL-40 микроскопы сыйға тартылды. 2006-2009 жж. кафедраның дәнді бұршақ және тағы басқа көкөніс дақылдарының гендік қоры ұйымдастырылған. 2010-2019 жж менің ұсынысым бойынша 4 Ph.D., 4 ғылыми-зерттеу институттарының директоры, Египет, АҚШ, Ресей және Франциядан келген профессорлар кафедраның жіне факультеттің түлектеріне тәлім беріп жүрді. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған кафедраның профессоры болып жұмыс істеймін. Гумбольдт қорының жүлдегері және сенатор Фулбрайт халықаралық бағдарламасының қатысушысы болып табыламын.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1979 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
25.12.1987 |
|
Доктор |
31.05.2005 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
23.09.2010 |
профессор |
13.07.2011 |
5
құжаттар
2